
Қарағандының Кеншілер мәдениет сарайында "Домбыра – халық мұрасы" атты кездесу өтті. Ұйымдастырушылар оны күйші және композитор Сайдалы Сара Тоқаның (Тоқа Шоңманұлы) шығармашылығына арнады.

Жастарға халық музыкантының өмірі туралы шақырылған қонақ – тарихшы, археолог, Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының меңгерушісі Темірғали Аршабеков айтып берді. Ол сондай-ақ өскелең ұрпаққа домбыра мен талантты күйшілердің шығу тарихын еске салды.

– Домбыра – Қазақстан халқын біріктіретін мәдени мұра. Бұл музыкалық аспапты қазақтың кез келген үйінде кездестіруге болады. Біздің ата-бабаларымыз күйші мен жырауды әрқашан құрметтейтін. Біз өз дәстүрлеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды сақтауымыз керек, – деді тарихшы.
Тоқа Шоңманұлы – шертпе күйлер орындау мектебінің негізін қалаушылардың бірі.
