
Қарағанды облысында Құрбан-айт мерекесінің үш күні аралығында 3929 аз қамтылған отбасы 34 тоннадан астам құрбандыққа шалынған малдың етін алды.

"34 тонна 545 келі ет "Зекет және қайырымдылық" қорының Қарағанды облыстық өкілдігінің қарамағындағы мұқтаж отбасыларға көмек ретінде таратылды. Жалпы офлайн режимінде 1116 қой, 124 ешкі, 34 ірі қара мал сойылды, онлайн-алаң арқылы – 44 қой, 8 ешкі, 3 бас ірі қара мал сойылды. Құрбандыққа шалынған малдың еті өңірдің 3929 отбасына таратылды. Қайырымдылық шараға діни ұйымдар, жергілікті қоғам және еріктілер тобы қатысты", – деді Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінде.

Сондай-ақ, Қарағандыда Құрбан айт күндері 800 балаға арналған қайырымдылық мерекесін ұйымдастырылды.

Аниматорлар балалардың көңілін көтерді, балмұздақ таратылды, ойыншықтар сыйлады.

Сонымен қатар, балалар үшін мерекелік дастархан әзірленді.

Іс-шараны "Әнет баба" мешіті, "Ясин" қыздар орталығы, "Нұрлы білім" қоғамдық бірлестігі және демеушілер ұйымдастырды.

Сондай-ақ, облыстың барлық мешіттерінде ұлттық спорт түрлері бойынша қайырымдылық акциялары мен жарыстар – арқан тарту, қол күрес және қазақ күресі өтті.


Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
