
Қарағанды облысында жолаушылар көліктерін жаңарту жүзеге асырылып жатыр. №107 Қарағанды – Теміртау қалааралық бағытта қызмет көрсету үшін Yutong маркалы 8 жаңа автобус сатып алынды. Олардың барлығы маршрутқа шықты.

«№ 107 маршрут бойынша екі тасымалдаушы қызмет көрсетеді – № 3 және 5 автопарктер. Бұл бағытта барлығы 16 автобус қатынайды. Олардың барлығы жаңартылды. № 5 автопарк маусым айында жергілікті өндіруші QazTehna зауытында жасалған 8 жаңа жайлы автобус сатып алды», – деп хабарлады жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында.

Автобустардың салоны ауаны желдету жүйесімен жабдықталған.
Басқармада автобустар паркін жаңарту әлі де жалғасады деп мәлімдеді.