
Нұра ауданының Баршино ауылында спорт кешені пайда болды. Ол тренажерлармен, жекпе-жек, бокс және қазақша күрес залдарымен жабдықталған.

Бірнеше жыл бойы қазір спорткешені орналасқан ғимараттың жартысы бос тұрған. Жақында оны жергілікті тұрғындар үшін "Мұқаналиев" шаруа қожалығының басшысы Боранбай Мұқанәлі жөндеп берді. Енді ауыл тұрғындарының тегін спортпен шұғылдануға мүмкіндігі бар.

Қазір спорт кешенінде тренажер залы мен жекпе-жек залы жұмыс істейді. Шаруа қожалығының басшысы бокс залдары мен қазақша күреске арналған спорттық жабдықтамаға тапсырыс берді. Оларды жеткізгеннен кейін ол залдар да ашылады.

Ғимаратты жөндеуге және жабдықтауға шамамен 7 миллион теңге жұмсалды.

20 жыл бұрын жергілікті мектепті бітірген түлектер бір залға арналған бірнеше жаттығу жабдықтарын сыйға тартты.

"Туған жер" жобасы аясында 35 жыл бұрын жергілікті мектепті бітіргендер жекпе-жек залы үшін линолеум мен құрылыс материалдарын сатып алуға көмектесті.
Баршино ауылдық округінде барлығы 800-ден астам адам тұрады. Жақын арада елді мекенде екі көшеде жарықтандыру өткізіледі. Сондай-ақ, ауылішілік жолдардың екі шақырымын жөндеу жоспарлануда.