Қарағандыда Олимпиада күні атап өтілді

Қарағандыда Олимпиада күні атап өтілді

Дене шынықтыру және спорт басқармасы Чкалов су қоймасындағы "Бригантина" сауықтыру лагерінің балаларына арналған спорттық іс-шара ұйымдастырды. Мереке 23 маусымда атап өтілетін Халықаралық Олимпиада күніне арналды.

Қазір "Бригантинада" 100-ден астам бала демалады, оның ішінде аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар бар. Олар үшін Олимпиада күні жаттығудан басталды. 

Бастапқы жаттығуды Zumba клубының фитнес нұсқаушылары өткізді.

Балаларға қонаққа танымал спортшылар – республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары келді. Олар өскелең ұрпаққа спортта ғана емес, өмірде де жетістікке жету үшін бірнеше кеңестер берді. Барлық ниет білдірушілер чемпиондармен естелік үшін селфи жасай алды.

Сондай-ақ, спорт мектептерінің тәрбиеленушілері – семсерлесушілер, тхэквондистер мен дзюдошылардың көрсетілімдері өтті.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жыл сайын Олимпиада күнінде тақырыптық іс-шаралар – жеңілатлетикалық жарыстар, веложарыстар, байдарка және каноэ жарыстары, флешмобтар және т. б. өткізеді.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша