Демалыс күндері қарағандылықтарды орталық саябаққа шақырады

Демалыс күндері қарағандылықтарды орталық саябаққа шақырады

Қарағанды орталық саябағында 24 және 25 маусымға бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қала тұрғындары мен қонақтарын бос уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізуге шақырады.

24 маусым

12:00–15:00 – "Сабантуй" татар-башқұрт мерекесі;

15:00–16:00 – "Рококо" сән театрының концерті;

17:00–18:00 – "Кинодағыдай" актерлік шеберлік мектебі;

19:00–20:00 – С. Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының әртістерінің "Махаббат… Арман… Жастық" поэтикалық-эстрадалық концерті.

25 маусым

10:00–13:00 – қазақстандық йога академиясының "Жан үйлесімі" бағдарламасы;

19:00–20:00 – Қарағанды музыкалық комедия театрының балет әртістерінің "Танцевальная феерия" қойылымы.