Болашақ мектебіндегі сабақ: Қарағандыда тағы бір мурал пайда болды

Болашақ мектебіндегі сабақ: Қарағандыда тағы бір мурал пайда болды

"Сабақ 2041" – Қарағандының орталық көшелерінің бірінде пайда болған жаңа мурал осылай аталды. Қабырға суреті Назарбаев көшесіндегі № 29 үйдің қасбетін безендірді. Бұл үйдің жанында № 3 гимназия орналасқан.

Жобаны урбанистика орталығы жүзеге асырды.

– Бұл муралды салу идеясы бұрыннан ойда жүрген. Бояулар да, үйдің қасбеті де, тіпті демеуші де болды. Бірақ реті келмей қойды. Бір жыл өткен соң, бәрі ойдағыдай жүзеге асты. Үйдің жанында мектеп бар, сондықтан балаларға арналған тақырыпта сурет салғымыз келді. "Сабақ 2041" – бұл тек робототехника және IT жайлы ғана емес. Бұл біз барлығымыз бірге және әрқайсымыз жеке дара құратын болашақ туралы. Әрбір тұрғын өзіне жауапты болған кезде, бүкіл қаланың болашағы жарқын болады, – деп есептейді Урбанистика орталығының басшысы Валерия Хасуева.

Мурал идеясы қарағандылық Артем Слесаренкоға тиесілі. Оның Profland компаниясы жаңа өнер нысанының демеушісі болды.

– Мен әрқашан дамуды жақтаймын, сондықтан мәдениет арқылы адамдар алда оны қандай болашақ күтіп тұрғанын сезініп, қорықпай, өзімізді шектемей, оған қадам басу керек екендігі туралы майндсет қалыптастырады. Сондай-ақ, мен қала бойынша ІТ, Deep Tech (ағылш. "терең технологиялар") және Space Tech (ағылш. "ғарыштық технологиялар") тақырыбында муралдар салу бастамасымен шығайын деп отырмын. Мен жалпы адамдарда, атап айтқанда балаларда Қазақстанда керемет технологиялық өнімдер жасауға болатындығы туралы сана қалыптасқанын қалаймын, – дейді Артем Слесаренко.

"Сабақты" Қарағандылық суретші Бота Кенжебаева салған. Бұл оның туған қаласындағы алғашқы муралы.