
Жақында Нұра ауданының балалары үшін заманауи ойын алаңы мен жаңартылған футбол алаңы іске қосылады. Нұра кентінде көшелер абаттандырылуда, екі бағдаршам орнатылды, бейнебақылау жүйесін жөндеу басталды.

Ауыл белсенді түрде өркендеп келеді. Бүгінгі таңда аудан орталығында 6200-ге жуық адам тұрады.

Елді мекенде жолдар асфальтталады, тротуарлар жабдықталады. Орталық аллеялар мен саябаққа 60 мың гүл отырғызылды, автоматтандырылған суару жүйесі орнатылды.

– Біз сондай-ақ қайың, көктерек, қарағай, шаған көшеттерін отырғыздық. Оларға суарудың автоматтандырылған жүйесі ішінара жеткізілді, – дейді Нұра кенті әкімінің орынбасары Әзиза Жанахметова. – Қауіпсіз жол қозғалысы үшін трафик көп болатын қиылыстарға екі бағдаршам орнатылды.
Біз жолдар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің белгілерін жаңарттық, жақын арада көше белгілерін қоямыз.
Нұрғалиев көшесінде жаңа балалар алаңы пайда болады. Нүркен Әбдіров алаңында қосымша ойын элементтері орнатылады.

Әлихан Бөкейхан көшесінде футбол алаңы жаңартылады. Мердігер компания ескі көгалдар мен қоршауларды жаңаларына ауыстыруы тиіс.
– Мердігер онда үш жарықтандыру тірегі мен орындық орнатады. Сондай-ақ, Мейіржан көшесіндегі футбол алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деді Әзиза Жанахметова. – Көше жарығы бойынша біз 254 шамды ауыстырдық, биыл кентте 14 жарықтандыру тірегін ауыстырамыз және үш жаңа КТП орнатамыз.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Нұра көшелерінде 50-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Мердігер компания оларға жыл бойы қызмет көрсетумен айналысады, қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жақын арада қоғамдық орындарда тағы 10 камера пайда болады.