
Балқаш қаласының әкімі Сапар Сатаевтың экология, кәсіпкерлікті дамыту, туризм және қоғаммен байланыс мәселелері бойынша кеңесшісі тағайындалды. Бұл қызметті заңгер, эко-қорғаушы Анар Адамбекова атқаратын болады. Қала тұрғындары оны жақсы біледі және шаһардың өміріне жанашырлығы мен белсенділігі үшін құрметтейді.
Қоғам қайраткері әрдайым туған қаласының тағдырына алаңдайды.

Ол көп жылдар бойы Балқаш көлінің жағалауындағы ластаушы заттармен күресіп келе жатқан азаматтардың бірі.

Еріктілер қозғалысын ұйымдастырған. Сондай-ақ жерлестеріне құқықтық мәселелерді шешуге көмектеседі.

– Мәселен проблемалық мәселелерді шешумен айналыстым. Енді екі есе қарқындылықмен жалғастыратын боламын. Кеңесші болып тағайындалу жауапкершілікті арттырды. Бұл күтпеген жағдай болды, Маған жүктелген сенімді ақтауға тырысамын. Жұмыла отырып, қаламызды әдемі әрі таза ете аламыз деп ойлаймын, – дейді Анар Адамбекова. – Біз күн сайын қоғамдық жағажайларды тазалауға шығамыз. Тәртіп пен тазалықты қадағалаймыз. Бұған дейін мұны еріктілермен жасаған едік, енді әкімдіктің көмегімен біздің командаға "Жасыл ел" жасағының өкілдері қосылды.
Қоғам белсендісінің айтуынша, балқаштықтар оған әлеуметтік желілерде жиі жүгінеді, түрлі мәселелер туралы хабарлайды екен. Мүмкіндігінше оларды шешуге тырысады. Согдай-ақ ол мемлекеттік органдармен байланыс күшейе түскенін атап өтті.
– Әлеуметтік мәселелер бойынша да жұмыс істеймін. Мысалы, мәдениет, спорт ұйымдары мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді болуын тексереміз. Әкімнің мүгедектігі бар адамдар ісі жөніндегі кеңесшісімен бірге билікке талдау дайындап, ұсыныстар жолдаймыз, – деп толықтырды Анар Адамбекова.