Тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионатына 350 жас спортшы қатысады

Тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионатына 350 жас спортшы қатысады

Қарағандыда тоғызқұмалақтан республикалық біріншілік басталды. Танымал ұлттық спорт түрінен өз бағын сынауға 350 адам жиналды. Бұл жолы қатысушылардың саны рекордтық көрсеткішке жетіп отыр.

Жарыс 9 жастан 13 жасқа дейінгі балалар арасында өтеді. Спортшылар барлық облыстардан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан келді.

– Тоғызқұмалақ қазір балалар мен жастар арасында өте танымал. Біздің өңірде бұл ойынға әр түрлі жастағы 15 мыңға жуық адам құмар, секцияларда айналысады, түрлі біріншіліктерге қатысады. Бізде жаңа чемпиондар легі өсіп келеді. Бүгінгі жарыстың егде жастағы санатындағы жеңімпаздар мен күміс жүлдегерлер Азия чемпионатына қатысу құқығына ие болады. Ол Моңғолияда өтеді, – деді Қарағанды облысының тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушысы Сәуле Қаратай.

Спорт шеберіне үміткер Әйгерім Медет жеңіске жету үшін біріншілікке Шымкенттен келді.

– Мен тоғызқұмалақпен төрт жылдан бері айналысамын, бірақ Қазақстан чемпионаттарында әлі медаль алған жоқпын. Мен Азия чемпионатына қатысқым келеді. Бар күш-жігерімді салып жаттықтым, нәтиже шығады деп үміттенемін. Мен бұрын мәнерлеп сырғанаумен, жеңіл атлетикамен айналысқанмын, бірақ мектептегі жүктемеге байланысты белсенді спортқа уақыт қалмады. Тоғызқұмалақ оқуға көмектеседі, ми қызметін жақсартады, – дейді 13 жастағы спортшы.

Жарыс 30 маусымға дейін жалғасады.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша