Қарағанды облысында Баянауылға дейінгі жолдар жөнделуде

Қарағанды облысында Баянауылға дейінгі жолдар жөнделуде

Қарағанды облысында жол жөндеушілер Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара республикалық трассасының бір бөлігін жөндеп жатыр. Аталмыш жол өңірді Баянауыл курорттық аймағымен байланыстырады. Бұрын жол нашар болатын.

"Ағымдағы жол-құрылыс маусымында мамандар жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара республикалық автотрассасының бір бөлігін жөндеп жатыр. Жұмыстар Үміткер кентінен Ботақара кентіне дейінгі жол учаскесінде жүргізілуде", – делінген "Қазавтожол" компаниясының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазірдің өзінде 40 км-ден астам жол ретке келтірілген. Жол беті салқын қайта өңдеу технологиясымен жаңартылды.  Жаңа су өткізгіш құбырлар орнатылды.

Жұмысқа 35-тен астам арнайы техника мен 50-ге жуық маман тартылды.

Жазғы маусымның соңына дейін тағы 20 шақырымды жөндеу жоспарлануда.

Жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін мамандар жолға белгі қояды.

qaj.kz