
Қарағанды қаласы әкімінің гранттар конкурсына өтініш қабылдау жарияланды. Конкурсқа қатысуға 18 жастан 35 жасқа дейінгі бизнесін жаңа бастаған немесе жұмыс істеп тұрған жас кәсіпорындар тартылады. Бір грант сомасы – 1 500 000 тг.
Байқаудың мақсаты – жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдау.
Өтініштер 20 шілдеге дейін келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Құрылысшылар даңғылы, 4, GoodZone коворкинг орталығы.
Конкурс туралы толығырақ мына нөмірлер бойынша білуге болады: 8-702-635-73-31 (Аида), 8-705-814-68-70 (Нұргелді).