Шет ауданы тұрғындарының назарына!

Шет ауданы тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Шет ауданына барады. Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу 2023 жылғы 21 маусым күні сағат 11.00-де Ақсу-Аюлы ауылының мәдениет үйінде өтеді. Сонан соң жеке қабылдау өтеді.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) (8-71031) 21-4-90 телефоны арқылы және shetkense@karaganda-region.gov.kz электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.