"Ертіс даласы": Қарағанды мұражайында павлодарлық суретшілердің жұмыстары ұсынылды

"Ертіс даласы": Қарағанды мұражайында павлодарлық суретшілердің жұмыстары ұсынылды

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында павлодарлық суретшілердің "Ертіс даласы" көрмесі ашылды. Н. Нұрмұхаммедов атындағы көркемсурет мұражайы Қарағандыға 22 автордың 134 картинасын алып келген.

Көрмеде абстрактілі жұмыстар, кескіндеме, импрессионизм, графика ұсынылған.

– Біз бір ай ішінде жұмыстарды таңдап алдық, – дейді Н. Нұрмұхаммедов атындағы мұражай директоры Ақертіс Солтанбаев. – Бұған өте байыпты қарадық. Мен біздің жеріміздің суретшілерінің бүкіл палитрасын ашқым келді. Жұмыстардың негізінде туған жер, шексіз дала, құдіретті Ертіс және туған өлкенің сұлулығы тақырыбы жатыр. Павлодарлық шеберлердің көркемдік көзқарасы қарағандылықтар үшін қызықты болады деп сенемін.

"Ертіс даласы" көрмесі "мұражайлар бізге қонаққа келеді" жобасы аясында өтуде.

– Бұл жоба біздің мұражайдың 35 жылдығына орай туындады. Павлодарлықтар қаламызға үлкен сыйлық жасады деп санаймын. Суретшілермен келісім бар, олар экспозиция аяқталғаннан кейін бізге жұмыстарын сыйға тартады. Ал жоба жалғасады, жәнеде күзде Атыраудан Ш. Сариев атындағы көркем және сәндік-қолданбалы өнер мұражайы келеді, – деді мұражай басшысы Бибігүл Құдабаева.

"Ертіс даласы" көрмесі 9 шілдеге дейін жалғасады.