20 маусымда Қарағанды облысында электр сиреналары қосылады

20 маусымда Қарағанды облысында электр сиреналары қосылады

Қарағанды облысында 20 маусымда барлық дыбыстық электр сиреналары қосылады. Олар "Баршаңыз назар аударыңыздар!" сигналы бойынша сағат 11:00-де іске қосылады.

Осылайша, аумақтық деңгейдегі хабарландыру жүйесінің төтенше жағдайларға дайындығына тексеру жүргізілетін болады.

Тұрғындардан сабыр сақтауды және дүрбелең мен қауесетке бой алдырмауды сұрайды.