
"Terricon алқабы" ІТ-хабы жаңа SportTech vs PropTech хакатонын ұйымдастырады. Шараға жаңадан бастаушылар мен тәжірибелі әзірлеушілер, айти саласындағы студенттер, тестерлер мен дизайнерлер қатыса алады.
Командалар спорт немесе жылжымайтын мүлік саласында жоба прототипін жасауы керек. Жүлде қоры – 1 млн теңге.

Хакатонның серіктестері – WOOPPAY қаржылық-технологиялық компаниясы және ApartX жалға берілетін мүлікті қашықтан басқару платформасы.
Екі күн ішінде командалар демеушілердің бір кейсін шешуі керек:
- қызмет көрсетуші персоналды іріктеу бойынша сервис құру;
- әуесқой лигаларда қаражат жинауға және есепке алуға арналған қосымшаны немесе ботты әзірлеу.
Трекерлер мен техникалық сарапшылар қатысушыларға идеяларды пысықтауға көмектеседі.
Үздік командалар өз жобаларын одан әрі дамыту үшін ақшалай сыйлық алады.
Тіркелу terricon.kz сайтында.
Хакатонның өтетін уақыты: 23–25 маусым.
Режим: онлайн/офлайн.
Орны: "Террикон алқабы" IT-хабы, Алалыкин көшесі, 12.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.