Қарағанды ОКА палаталары мен операциялық бөлмелері еуростандарттар бойынша жабдықталды

Қарағанды ОКА палаталары мен операциялық бөлмелері еуростандарттар бойынша жабдықталды

Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасында отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық орталығы ашылды. Сондай-ақ, хирургиялық орталық соңғы буын техникасымен жабдықталды.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев клиникада болып қайтты. Аймақ басшысына жаңартылған палаталар мен ота жасау бөлмелері көрсетілді.

Отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық орталығында қабылдауды бейінді мамандар жүргізеді: генетик, онкомаммолог, уролог және т. б. дәрігерлер.

Пациенттер қажетті кеңестер мен емдік көмек алады. Орталықта босануға дайындық мектебі ашылды.

Хирургиялық орталықта барлығы еуростандарттар бойынша жабдықталған.

Палаталар бір және екі орынды, кең және ыңғайлы.

Палаталар бір және екі орынды, кең және ыңғайлы. Әрқайсысында заманауи функционалды кереуеттер, SOS қоңырау түймелері бар.

Енді палаталарды кварцтаудың қажеті жоқ: желдету және ауаны тазарту жүйесі орталықтандырылған.

Каталкалардың өзі бір адам итере алатын, заманауи.

Бейнебақылау да жабдықталған – бекеттегі медбикелер экранда барлық палаталарды көріп отырады, төтенше жағдайларда жедел әрекет етеді.

Мүгедектігі бар пациенттер үшін жеке VIP-палата қарастырылған. Сонымен қатар, жайлылығы жоғары палаталар аймағы бар.

– Аурухана ғимараты 1960 жылы салынған. Күрделі жөндеу кезінде тарихи келбеті сақталды. Қасбет бұрынғыдай қалды, ал ішкі бөлімшелер жаңа буын техникамен толығымен жаңартылды, – деп атап өтті директордың медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Ринат Гатин. – Хирургияның жүрегі – операциялық блок. Мұнда бәрі жаңа, еуростандарт бойынша. Таза бөлмелер кешені, 3D форматындағы заманауи операциялық тірек. Ең ұсақ бөлшектерді басқаратын нанотехнологиясы бар ауаны тазарту жүйесін алғаш рет қолданып отырмыз. Бұл бактериялардың пайда болуына жол бермейді.

Енді ОКА хирургтары жоғары технологиялық операциялар жүргізуде, ондай ота жасату үшін қарағандылықтар Астанаға баруға мәжбүр болатын. Жалпы, лапароскопиялық операциялардың саны екі есе өсті.

Сонымен қатар, жаңа жабдық Қарағандыда трансплантологияны дамытуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Ермағанбет Бөлекпаев ауруханада қазіргі заманғы стандарттар бойынша жабдықталған жаңа экстракорпоралды гемокоррекция орталығын аралады.