Ермағанбет Бөлекпаев: "Тұрғындардың бақылауынан артық ештеңе жоқ"

Ермағанбет Бөлекпаев: "Тұрғындардың бақылауынан артық ештеңе жоқ"

Бұқар Жырау ауданы Ғабиден Мұстафин ауылында Нұра арқылы өтетін автомобиль көпірі салынуда. Жұмыс барысын ауыл тұрғындары бақылайды. Олар өз ескертулері мен ұсыныстарын Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесу барысында айтты.

Өңір басшысы Бұқар жырау ауданына барып қайтты. Ботақара кентінің мәдениет үйінде ол тұрғындармен кездесіп, аудан дамуының басым бағыттары – ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, ЖТҚ үшін инженерлік инфрақұрылым салу және үйлерді қалпына келтіру екенін атап өтті.

Дәстүр бойынша кездесу баяндамасыз болды, бірден сұрақтарға кірісті. Ауыл тұрғындарын ең алдымен ТКШ, жол жөндеу және тұрғын үй мәселелері толғандырды. Шалғайдағы ауыл тұрғындары байланыстың нашарлығы мен жайылымның жоқтығына шағымданды.

Биыл ауданда мал шаруашылығын дамыту бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Көкпекті, Белағаш, Тоғызқұдық, Ростов ауылдық округтерінде, Баймырза ауылдық округінде және Жаңаталап кентінде шалғайдағы жайылымдарды пайдалану үшін қажетті инфрақұрылым құрылатын болады. Жоба аяқталу сатысында.

Ғабиден Мұстафин кентінің жергілікті өзін-өзі басқару өкілі Нұра арқылы өтетін автомобиль көпірін салу мәселесін көтерді.

Өңір басшысы тұрғындарға ауыл тіршілігіне жанашырлық танытқаны үшін алғысын білдірді:

– Сіздердің бақылауларыңыздан артық ештеңе жоқ. Жағдайды бақылап отырғандарыңыз жақсы. Ал құрылысқа жауаптыларға келетін болсақ, сіздер халықпен жұмыс істеуді үйренулеріңіз керек, түсініспеушіліктер болмауы үшін бәрін егжей-тегжейлі түсіндірулеріңіз тиіс.

Халықпен кездесу өткізбес бұрын аймақ басшысы Доскей ауылында болды. Мұнда "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы бойынша Мәдениет үйі слынып жатыр және су желілерін қайта жаңғырту жұмыстары іске асырылуда. 

Қазірдің өзінде 1,8 км су құбыры салынды. Сорғы мен БӨП арналған шұңқырлар қазылды. Төрт ұңғыма бұрғыланды, сорғы станциясының қоршауы орнатылды.

Сондай-ақ, Қушоқы су құбыры желілерін қайта жаңарту жалғасуда, Ақжар мен Астаховкада су құбырының құрылысы, Трудовой ауылында қайта құру басталды. Аудандық бюджет есебінен Суықсу, Төрткөл, Семізбұға және Үлгі ауылдарын сумен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталады.

2023 жылдың соңына қарай ауданның 60 елді мекені немесе халықтың 98,9%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі.

Доскей ауылының тұрғындары бұрыннан мәдениет үйін салуды сұраған.

Оның құрылысы өткен жылы басталды. Мұнда 200 орындық эстрадасы бар көрермендер залы, үйірме жұмысымен айналысуға арналған үй-жайлар болады. Жер жұмыстары аяқталды, монолитті іргетас құйылды, су құбыры, сыртқы электр желілері тартылды, трансформаторлық қосалқы станция орнатылды. Қазір құрылысшылар монолитті бағандарды құйып жатыр. 

Мәдениет үйі 2024 жылдың соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Тұзды, Қушоқы және Ақтөбе ауылдарында клубтар жөнделеді.

Жолдарға да назар аударылады. Ауданның 15 елді мекенінде 50 шақырым жолды жөндеуге қаражат бөлінді. Заречное және Красная Нива ауылдарына кірме жолдар да жөнделеді.

Кездесуден кейін Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.