Қарағанды жолдарында "Аргус-жаяу жүргінші" жаңа камералары сынақтан өтуде

Қарағанды жолдарында "Аргус-жаяу жүргінші" жаңа камералары сынақтан өтуде

Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында жаңа "Аргус-жаяу жүргінші" камералары сыналуда. Олар жаяу жүргіншілерге жол бермейтін көліктерді тіркейді.

"Аргус-жаяу жүргінші" жол қауіпсіздік ережелерін (ЖҚЕ) бұзушыларды тіркеу камералары әзірге қаланың төрт қиылысында ғана орнатылған: Жауынгер-нтернационалистер, 24, Ерубаев, 41/43, Абай мен Костенко көшесі 7-ші үй қиылысында, Сарыарқа көшесіндегі "Әнет Баба" мешітінің ауданында.

– Олар реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдеріне бағытталған. Екі объект яғни көлік және адам пайда болған кезде, камера үш секундтық бейне түсіріп, 2–3 фотосурет жасайды. Мақсат – жаяу жүргіншілерді көлік қағу фактілерін болдырмау, – дейді Қарағанды облысы ПД бастығы Санжар Әділов. – Қазір бұл камералар сынақ режимінде жұмыс істеп жатыр. Болашақта біз оларды ресми түрде қолданысқа енгізуді жоспарлап отырмыз.

"Аргус-жаяу жүргінші" жаңа автоматтандырылған бағдарламалық кешенін "Перспектива" ғылыми-өндірістік бірлестігі ұсынуда.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында ЖҚЕ әртүрлі бұзушылықтарын тіркейтін 86 стационарлық аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылған. Қарағанды бойынша 60 камера бар.

Сондай-ақ, өңірде патрульдік полиция автомобильдері "Қорғау – қауіпті жүргізуші" және "Ekin Ratrol" заманауи зияткерлік кешендерімен жабдықталған. "Қорғау" Қарағанды, Теміртау, Саран қалаларында енгізіліп, полицейлерге тек "қауіпті" жүргізушілермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

– Жүйе жалған нөмірлері бар, сақтандырусыз, іздеуде жүрген автомобильдерді анықтайды. Бұған дейін барлық көліктерді тоқтатып, құжаттарды тексеру қажет болатын. Енді жүйе көше камераларының деректерін талдай отырып, жақын маңдағы полицейдің планшетіне "қауіпті" жүргізуші туралы хабарлама жібереді, – деп атап өтті ПД бастығы.

Цифрландыру аясында облыста жедел басқару орталығына және кезекші бөлімдерге шығарылған 9 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылды.

Осы жылдың шілде айында ЖҚЕ бұзушылықтарын анықтау бойынша бейнебақылау камералары мен кешендерінің санын ұлғайту жоспарлануда.