Қарағандылықтар самбодан Азия және Океания чемпионатының алтын медалін жеңіп алды

Қарағандылықтар самбодан Азия және Океания чемпионатының алтын медалін жеңіп алды

Қарағандылық самбошылар Маргарита Бажаева, Жандос Бейсенбаев және Қанат Сағындық Астанада өткен Азия және Океания чемпионатының жеңімпаздары атанды.

Жарысқа 22 елден 500-ге жуық спортшы қатысты.

Жалпы командалық есепте бірінші орынды Қазақстан құрамасы иеленді, 60 медаль (29 алтын, 17 күміс және 14 қола) жеңіп алды. 41 медальмен Өзбекстаннан келген спортшылар екінші болды. Үшінші орында 30 марапатқа ие болған Моңғолия командасы.

Бішкектегі ересектер арасындағы Азия Кубогында біздің жас дзюдошылар дебютте сәтті өнер көрсетті. Дастан Жұмажанов біріншіліктің жеңімпазы атанды. Ержанат Уәли күміс медаль жеңіп алды, ал Әлима Жұмағалиева мен Алдияр Қарғұлов қола жүлдеге ие болды.

Бішкекте алғаш рет Ашық Азия Кубогы өтті. Онда тоғыз елден 285 спортшы Париж Олимпиадасына қатыса алатын ұпайлар үшін күресті.

Қарағанды облысы спорт басқармасының ақпараты бойынша