Қарағанды облысының командасы жекпе-жектен республикалық жарыста жеңіске жетті

Қарағанды облысының командасы жекпе-жектен республикалық жарыста жеңіске жетті

Қарағанды облысының құрама командасы жекпе-жек ұлттық спорт түрінен Balkhash Open республикалық жарыстарында үздік атанды. Турнирге 14 өңірден 300-ден астам спортшы қатысты.

7 жастан 20 жасқа дейінгі жас санатында 20 команда бақ сынасты. Финалда рингке 150 жауынгер шықты.

– Жарыстарды өткізу үшін алғаш рет Балқашты таңдадық, себебі қазір бұл қалада жекпе-жек белсенді дамып келеді. Бұл спорт түріне үнемі жаттығуға және нәтижеге қол жеткізуге дайын көптеген қабілетті балалар келе бастады. Турнир ең жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ең бастысы – бәрі жарақатсыз өтті. Жарыс дәстүрге айналады деп сенемін, – дейді Қарағанды облыстық жекпе-жек бойынша ұлттық спорт федерациясының президенті Әділет Нұрмадиев.

Бірінші орынды Қарағанды облысының құрамасы иеленді. Екінші орын Алматы облысының командасына бұйырды, үшінші – Қостанай облысының командасында.

Қарағандылық спортшылар он алты қола, жеті күміс және жеті алтын медаль жеңіп алды.

Жарыс жеңімпаздары шілде айының басында өтетін Түркістан облысына чемпионатқа барады.