Бұқар жырау ауданы тұрғындарының назарына!

Бұқар жырау ауданы тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Бұқар жырау ауданына барады. Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу 2023 жылғы 16 маусымда 10:00-де Ботақара кентінің Мәдениет үйінде өтеді. Сонан соң жеке қабылдау өтеді.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) (8-72154) 2-11-18 телефоны арқылы және sa.ospanova@karaganda-region.gov. kz электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.