
Қарағанды гимнастика мектебінің тәрбиеленушілері Әлем Кубогы кезеңінде екі медаль жеңіп алды. Халықаралық біріншілікте жеңіс үшін 19 елден келген спортшылар күресті. Жарыс Решув қаласында (Польша) өтті.
Халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері Даниэль Диль мен Вадим Шуляр АҚШ-тан келген басты қарсыластарын артта қалдырып, жарыстардың жеңімпаздары атанды.

Аралас жұп Руслан Мелешко мен Алиса Котова құрмет тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Спортшыларды Сергей Вертянкин, Ботагөз Байбақұшева және Ирина Загриценко жаттықтырады. Хореограф – Ирина Балагутина.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша