Қарағанды облысында шілде айында үздік тауар өндірушілерді таңдайды

Қарағанды облысында шілде айында үздік тауар өндірушілерді таңдайды

Қарағанды облысында шілде айында "Қазақстанның үздік тауары" байқауының өңірлік кезеңі өтеді. Шараға ірі компаниялар мен орта және шағын бизнес субъектілері қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау жалғасуда.

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, 30-ға жуық тауар өндіруші конкурсқа қатысуға ниет білдірген. Өтінім берушілер тарапынан "Халық үшін үздік тауарлар" номинациясында үлкен белсенділік байқалады.

Барлығы үш номинация бар: "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар", "Халық үшін үздік тауарлар", "Үздік азық-түлік тауарлары". Олардың әрқайсысында үш жеңімпаз анықталады. Олар Астанада өтетін республикалық көрме-конкурсқа жолдама алады.

Өңірлік конкурсқа өтінімдер 1 шілдеге дейін қабылданады. Оларды электронды түрде www.altynsapa.kz сайтында беруге болады не қағаз түрінде почта арқылы жіберу немесе өз бетінше ӨКП-ға келесі мекенжайға жеткізу керек: Қарағанды, Ермеков көшесі, 29, каб. 305.

Анықтамалық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: (8-7212) 50-64-35, 8-775-478-94-81 (Татьяна Юн), t.yun@atameken.kz.