Қарағандылықтарды тегін шығармашылық студиялар қатысушыларының фестиваліне шақырады

Қарағандылықтарды тегін шығармашылық студиялар қатысушыларының фестиваліне шақырады

BOLASHAQ STAR KZ облыстық фестивалінің қорытынды туры 15 маусым күні сағат 11:30-да Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында өтеді. Келушілерге Artsport шығармашылық мемлекеттік тапсырысы бойынша жұмыс істейтін 14 студияның жас суретшілері мен қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі ұсынылады. Барлығы осындай 50-ден астам студия бар.

Екі жүзге жуық туындылар ішінде кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, модельдеу және киім дизайны, театр және шешендік өнер үйірмелерінің жұмыстары көрсетіледі.

К. Станиславский атындағы орыс драма театрында сағат 16:00-де мемлекеттік шығармашылық тапсырысқа қатысушы хореографиялық және вокалдық ұжымдардың қатысуымен гала-концерт өтеді. Барлығы 14 жеткізушіден 44 өтінім берілді, ұсынылған 52 концерттік нөмірден 22 қойылым іріктелді. Барлық қатысушыларға дипломдар беріледі.