
Қарағанды облысының Jas Fund жастарды қаржылай қолдау қоры өтінімдер қабылдау басталғаны туралы хабарлайды. Үшінші жыл қатарынан өңірдің жас тұрғындарына өздерінің шығармашылық немесе зияткерлік бастамаларын іске асыруға, республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ жастарға арналған зияткерлік, шығармашылық немесе қоғамдық іс-шараны өздері ұйымдастыруға мүмкіндік жасалып келеді.
Қордың арқасында дарынды қарағандылықтар конкурстар, олимпиадалар, көрмелер, конференциялар ұйымдастырды немесе оларға қатысты. 2022 жылы 20-дан астам жоба қаржылай қолдау алды. Қаржыландыру 5 млн теңгеден астам соманы құрады.
Биылғы жылы жастар шығармашылық және қоғамдық ұжымдары, бастамашыл топтар, сондай-ақ 14 пен 34 жас аралығындағы жекелеген өкілдер қаржылай қолдау ала алады. Жалпы қор – 9 млн теңге.
Үміткерлерді арнайы комиссия таңдайды.
Өтінімдер электрондық пошта арқылы қабылданады: jasfundkrg@gmail.com.
Анықтама телефондары: 8-777-573-35-91, 8-778-595-30-79.