АҚШ дирижері Қарағанды симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетеді

АҚШ дирижері Қарағанды симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетеді

"Шалқыма" концерт залында 18 маусым күні сағат 17:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді. Дирижер – Мишель Галант (АҚШ).

Бағдарламада: І бөлім – Ф. Мендельсон увертюра "Жазғы түндегі арман", М. Брух оркестрмен виолончельге арналған "Kol Nidrei", 47-ші шығарма, Дж. Россини "Севиль шаштаразы" операсына увертюра; ІІ бөлім – Л. Ван Бетховен № 3 Симфония "Батырлық" ми бемоль мажор, 55-ші шығарма.

Солист – халықаралық конкурстардың лауреаты Никита Корзухин (Санкт-Петербург). Ол Санкт-Петербургтің әртүрлі сахналарында, сондай-ақ Ресейдің басқа қалаларында солист ретінде өнер көрсетеді және камералық ансамбльдердің мүшесі ретінде белсенді концерттік қызмет атқарады.

Дирижер – Мишель Галант (АҚШ). Дирижерлықтан басқа, ол скрипкашы Вивиан Хагнер және New York New Music Ensemble, New Chamber Ballet ұжымдары сияқты танымал орындаушыларға музыка жазады.

Нью-Йорктегі Argento New Music жобасының негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі. Ол симфониялық, хорлық және опералық репертуарларына – корольдік Ирландия музыкалық академиясының оркестріне, Санкт-Петербург симфониялық оркестріне, Мәскеу симфониялық оркестріне, Манхэттен камералық оркестріне, Форт-Уорт симфониялық оркестріне, Яначек филармониялық оркестріне, Ұлттық өнер оркестріне, Корнелл университетінің хорына, Дессофф хорына дирижерлық еткен.

Билеттерді "Шалқыма" к/з кассаларында және ticketon.kz сайтынан алуға болады.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.