Приозерск қаласында еліміздің басқа өңірлерінің сүңгуірлеріне оқыту жүргізіледі

Приозерск қаласында еліміздің басқа өңірлерінің сүңгуірлеріне оқыту жүргізіледі

Приозерск құтқару станциясында сүңгуірлерді даярлау бойынша республикалық тренингтің бірінші кезеңі өтуде. Еліміздің тоғыз өңірінен құтқарушылар оқуға келді.

Бірінші күні оқу-жаттығу базасымен танысу өтті.

Содан кейін тренингке қатысушылар сабаққа кіріседі. 

Приозерск құтқару станциясы сүңгуірлерді даярлау алаңына айналды. Мұнда жыл сайын оқу-жаттығу жиындары өткізіледі.  Оқыту үшін қажетті жабдықтар мен тренажерлер бар. Сабақтар техникалық бассейнде де, табиғи ортада да – Балқаш көлінің акваториясында өткізіледі.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша