Қарағанды Тen Qogam орталығы мүгедектігі бар адамдар үшін ашық есік күнін өткізеді

Қарағанды Тen Qogam орталығы мүгедектігі бар адамдар үшін ашық есік күнін өткізеді

Ten Qogam мүгедектерге арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы ашық есік күнін жариялайды. Он бесінші маусымда орталықтың жұмысы туралы сауалдар қойып, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінен кеңес алуға болады.

Акцияға денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, құқық қорғау құрылымдары, жергілікті атқарушы органдар мамандары мен мәслихат депутаттары қатысады.

Ашық есік күнін өткізу уақыты: 15:00-ден 17:00-ге дейін.

Орталықтың мекенжайы: Тәттімбет көшесі, 709 ғимарат, № 5 кеңсе ("Arlan Motors" БО).

Барлық сұрақтар: +7-777-540-44-94, (8-7212) 36-14-74.