Саран қаласы тұрғындарының назарына!

Саран қаласы тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Саран қаласына барады. Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу 2023 жылғы 13 маусым күні сағат 15.00-де Саран қаласының мәдениет үйінде өтеді. Кездесуден соң  азаматтарды жеке қабылдау өтеді.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) (8-72137) 7-40-16 телефоны арқылы және sar_apparat@krg.gov. kz электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.