
Қарағандылықтар орман өрттерінен зардап шеккен Абай облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсете алады.
Гуманитарлық көмек жинауды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды.
"Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Абай облысында өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауды ұйымдастырады. Көмек көрсетуге ниет білдіргендердің барлығы пайдаланылмаған заттарды, гигиена құралдарын, бірінші кезекте қажетті заттарды әкеле алады", – делінген Қарағанды облысының ҚХА хабарламасында.
Гуманитарлық көмек жинау пункті Қарағанды Достық үйінде Шахтерлер даңғылы, 64, 114 кабинетте орналасқан.
Байланыс телефоны 22-25-87.