Мүмкіндіктер керуені: Қарағанды облысында Tulga bol республикалық жәрмеңкесі өтуде

Мүмкіндіктер керуені: Қарағанды облысында Tulga bol республикалық жәрмеңкесі өтуде

Қарағанды облысында жастарды әлеуметтендіруге бағытталған Tulga bol республикалық жылжымалы жәрмеңкесі өтуде. Шара шеңберінде жұмысқа орналасу мәселелері, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру, тұрғын үй сатып алу, өз ісін ашу және басқа да бағыттар бойынша кеңес беру қарастырылған.

Жастар үшін тегін шеберлік сабақтары дайындалды, Жастар ресурстық орталығының мамандары Soft Skills бойынша тренингтер ұйымдастырады (түйіндеме жазу).

Акция 30 маусымға дейін облыстың әр ауданында және қаласында жастар көп жиналатын орындарда өтеді. Қарағандыда жәрмеңке осы жұмада, 16 маусымда "Таир" СҚ-да сағат 12:00-де өтеді.

Tulga bol республикалық жылжымалы жәрмеңкесін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2023 жылдан 2029 жылға дейін мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде іске қосты.