Мүгедектігі бар адамдарды компьютерлік сауаттылық курстарына шақырады

Мүгедектігі бар адамдарды компьютерлік сауаттылық курстарына шақырады

Қарағанды қаласының Тen Qogam әлеуметтік бейімдеу орталығы компьютерлік сауаттылық бойынша тегін курсына тыңдаушыларды қабылдайтынын жариялайды. Сабақтар ересек аудиторияға арналған.

Курс жалпы ұзақтығы 40 сағат болатын бес модульден тұрады.

Оқушылар 10 адамнан тұратын топтарға бөлінеді.

Өтінімдер 16 маусым күні сағат 12:00-ге дейін қабылданады.

Оқу аяқталғаннан кейін сертификаттар беріледі.

Курсқа WhatsApp арқылы жазылуға болады: +7-777-540-44-94. Қатысу үшін тіркеу формасын толтыру қажет.

Орталықтың Instagram парақшасындағы қосымша ақпарат: @ten_qogam_qaragandy.