
Қарағанды облысында екінші рет "Өнерлі жас – өңір мақтанышы" атты дарынды балалар слеті өтті Жүзден астам дарынды оқушыларды Бектау – Ата шатқалындағы ең әдемі және бірегей киелі орындардың бірінде орналасқан "Алау" сауықтыру лагері қабылдады.
Үш күндік слетке 5-6 сынып оқушылары қатысты. Олар үшін конкурстар мен спорттық жарыстары бар ауқымды бағдарлама дайындалды. Кешкі алау жанында дискотека ұйымдастырылып, әндер шырқалды. Тауға жорық кезінде балалар Бектау-Атаның сұлулығын тамашалады.
Қатысушылар әдеби, ән және би байқауларында бақ сынасты. "Өзіңді көрсете біл" номинациясында ұран шеберлері анықталды.

Осы маусымда Бұқар Жырау ауданының командасы үздік деп танылды. Екінші орынды Шахтинск, үшінші орынды Қарқаралы ауданының оқушылары иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, кубоктармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
