
Педагогикалық емес жоғары білімі бар жас мамандар Қарағанды облысының ауылдық мектептерінде жұмыс істей алады. Жобаға қатысу үшін конкурс бойынша 49 адам іріктеліп алынды, олар тегін қайта оқытудан өтеді.
Екі ай бұрын облыстың Білім басқармасы Teach for Qazaqstan қоғамдық қорымен меморандумға қол қойды. Ынтымақтастықтың алғашқы нәтижелері туралы облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.
"Меморандум шеңберінде білім беру саласына жоғары педагогикалық емес білімі бар жас мамандар тартылатын болады. Әзірленген шаралар оларды қайта даярлауға және келісімшарттық кезең ішінде одан әрі сүйемелдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Гүлсім Қожахметова. - Teach for Qazaqstan қорының өкілдері ауылдық өңірлер мен шағын қалалардың мектеп ұжымдарымен кездесулер өткізді. Нәтижесінде педагогикалық кадрларға ерекше мұқтаж 15 серіктес мектеп анықталды. Конкурстық негізде 49 жас маман іріктелді. Оқудан өтіп, сертификат алғаннан кейін олар серіктес мектептерде жұмысқа орналасады".
Білім басқармасы басшысының айтуынша, жобаға қатысушылар әдістемелік көмек алады. Оларды мамандар мен жаттықтырушылар қадағалайды.
Сонымен қатар, жобаға енгізілген мектеп басшылары үшін біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады.