
Қарағанды облысының Нұра ауданындағы "Ауыл - Ел бесігі" жобасы аясында биыл сегіз елді мекеннің жолдары жөнделуде. Сондай-ақ ауылдардың бірінде тұщыландырғыштар мен су құбыры желісін қайта жаңарту басталады.

Мердігер компаниялар жол төсемін тегістеуге кірісіп, көшелерді асфальттауға дайындауда.
- Биылғы жылы Егінді, Байтуған, Ахмет, Көбетей, Заречное, Тассуат, К. Мыңбаева және Алғабас ауылдарында орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған, - деді Нұра ауданы экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Сандуғаш Байкенова. - Егіндіде 9 км қамтылады, бұл 4 көше және 4 жолақ. Байтуған елді мекенінде - 7,8 км. Ахмет ауылында ұзындығы 14 км 14 көшенің жолдары жөнделуде. Кәрім Мыңбаев атындағы ауылда асфальттау жұмыстары аяқталуда.


Жалпы жөнделетін кентішілік жолдардың ұзындығы 69 км. Бұрын осы елді мекендердің тұрғындарынан жолдардың жағдайына қатысты көптеген шағымдар түскен болатын.

- Бірнеше жылдар бойы бұл ауылдардағы жолдар жөнделмеген. Алғабаста, мысалы, асфальт мүлде болған жоқ, - деп қосты Сандуғаш Байкенова. - Қазір ауданда жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 52 пайызды құрайды. Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін олардың үлесі 78,5 пайызды құрайды.
476 адам тұратын Ізенді ауылында су құбыры желілері қайта жаңартылып, жаңа тұзсыздандырғыштар орнатылады.
Сонымен қатар, биыл Заречное және Байтуған ауылдарында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер пайдалануға беріледі.