
"Жер гүлдер арқылы күлімсірейді" вернисажы Қарағанды "Алтын гасыр" галереясында (Суретшілер одағының ғимаратында, Комиссаров көшесі, 35а) өтеді. Гүл натюрморттарын әйгілі кескіндеме шеберлері ұсынады: Владимир Проценко, Олег Дроздов, Наталья Литвинова, Мәдихан Қалмаханов, Фархат және Фания Исламовтар және т. б.

Галереяда 45 жарқын кенепті жұмыстар ұсынылатын болады. Бұл туындылардың кейбірі шетелдік көрмелерде болған. Мысалы, Мәдихан Қалмахановтың натюрморттары Германияда қойылды.

- Бұл көрме арқылы біз жазғы көңіл-күй сыйлағымыз келеді. Гүлдер қуаныш сезімін оятады. Егер жадыраңқы күйде болғыңыз келсе, көрмеге келіңіздер, - дейді галерея басшыларының бірі Бибігүл Исполова.
Көрменің ашылуы 8 маусымда сағат 16:00-де өтеді. Экспозиция 2 шілдеге дейін жалғасады.
"Алтын Гасыр" галереясының жұмыс уақыты: 10:00-ден 18:00-ге дейін.
