
Саран қаласында 35-ші рет "Олимпиадалық үміт - 2023" республикалық көпкүндік веложарысы өтуде. Жарысқа Қазақстанның 11 өңірінен 120 жас спортшы қатысады.

Веложарыс алты күн - 6-11 маусым аралығында өтеді. Жарыс бағдарламасында жеке (4 және 15 км) және топтық жарыстар (35 км және 40 км-ден екі) бар. Сондай-ақ, қала бойынша критериум жарыс өтеді (айналма жарыс).
- "Олимпиадалық үміттер" көптеген танымал қазақстандық велошабандоздарға үлкен спортқа жолдама берді. Бұл спортқа жаңадан келіп жатқандар веложарыс өздерін одан әрі дамыту үшін қажет және пайдалы деп санайды, - дейді жарыстың бас төрешісі Виктор Сухой.

Бірінші күні көшбасшы-спортшы ретінде қарағандылық Наил Хусаинов көзге түсті.
Нәтижелер барлық алты кезеңнің уақыт сомасымен есептеледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.