Теміртауда 53 шақырым жол жөнделеді

Теміртауда 53 шақырым жол жөнделеді

Теміртауда жол саласында ауқымды жұмыстар жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Биыл 53 шақырым жөнделеді. Орталық магистральдар мен орамішілік өткелдер қамтылады.

Металлургтер қаласында жұмыс сапарымен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев болып қайтты.

Теміртау бойынша № 1, 2 және 3 жылу желілерін ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Облыс әкімінің тапсырмасын орындай отырып, билік мердігерлерде материалдар толыққанды болмайынша, құбырларды бөлшектеуге жол бермейді. Биыл алты жоба жүзеге асырылуда. 29 шақырымға жуық жылу желілері жөнделеді.

Қалада алғаш рет жолдарға ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

- Біз 53 шақырым жолды жөндемекпіз. Орталық көшелер мен орамдарды, сондай-ақ аула аумақтарын асфальттаймыз. Сонымен қатар, жолдардың нашар учаскелеріне шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бір кездері "Оқжетпес" және "Аква-Трейдингтің" су құбырларындағы апаттар жойылған жерге асфальт төселеді, - деді ТКШ, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің басшысы Ескендір Қабидолла.

Қалада 30 ойын алаңы мен 10 футбол корты орнатылады. Мердігер - жергілікті компания. Ересектердің де, балалардың да сұраныстары ескерілген. 12 шағын сәулет формалары, тренажерлар, самалжайлар және орындықтар орнату жоспарланған.

Ермағанбет Бөлекпаев спорт нысандарын - "Металлург" стадионын, "Жастар" бассейнін және "Строитель" спорт кешенін аралап шықты. Олардың барлығы жөндеуді қажет етеді. Нысандар үлкен, сондықтан көп қаражат қажет. Биылғы жылы бассейндегі желдету жүйесі мен терезелер ауыстырылады. Стадион мен бассейнді Теміртау әкімдігінің балансына беру туралы мәселе көтерілді, бұл жергілікті бюджеттен жөндеуге қаражат бөлуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Ермағанбет Бөлекпаев жылыту маусымына дайындық бойынша кеңес өткізді.