
"Террикон алқабы" ІТ-хабы 30 маусымда әзірлеушілер мен кәсіпкерлер үшін кезекті конференция өткізеді. Шараға шақырылған бес сарапшы білімдерімен бөліседі.

SMM маманы және кәсіпкер Кәрім Мейманов жасанды интеллекттің SMM-ге әсері туралы баяндайды.
Wonder Women Халықаралық әйелдер қауымдастығының негізін қалаушы Рада Исламова табысты стартаптар құру тәжірибесімен бөліседі.

Senior QA engineer Николай Лосев автоматтандырудағы өзекті тақырыптардың бірі - Flaky tests-ті ашады.
UX дизайнының үздік тәжірибелері туралы тыңдаушылар Samga Bilim Group графикалық дизайнері Әділет Намазовтан біледі.
Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ студенті Masoum Salehi ағылшын тілінде «Information security/Android apps» тақырыбында дәріс оқиды.
Неконференция форматы - онлайн және офлайн.
Басталуы 18:30.
Қатысушыларды тіркеу terricon.kz сайтында өтеді.
"Террикон алқабы" ІТ-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.