
ЕGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында "Асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындау" қызметі қосылды. Өтінішті жұбайы немесе қайтыс болған асыраушының асырауындағы баланың қамқоршысы және асырауындағы адамның өзі (18 жастан асқан) бере алады.
- Көптеген азаматтар асыраушысынан айырылған жағдайда мемлекеттік қолдау алуға болатынын білмейді. Бұрын бұл қызметті тек ХҚКО-лардан алуға болатын. Енді мұны eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы да жасауға болады , - деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Әлеуметтік төлемдер ай сайынғы міндетті әлеуметтік аударымдар жүргізілген асыраушысының ресми табысы болған кезде ғана тағайындалады.
Әлеуметтік төлемдерді кім ала алады:
- 3 жасқа толмаған баланы күтумен айналысатын ата-аналардың бірі/жұбайы;
- 18 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде асырап алынған балалар;
- мүгедектігі бар балалар, оның ішінде 18 жасқа дейінгі асырап алынған балалар;
- 18 жастан асқан балалар, оның ішінде асырап алынған балалар, колледждерде немесе жоғары оқу орындарында күндізгі білім алушылар. Олар 23 жасқа дейін әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар.
ЕGov.kz порталында қызмет көрсету "Азаматтарға" - "Әлеуметтік қамсыздандыру" - "Отбасыларға көмек" бөлімінен табуға болады. Ұқсас қызмет Egov Mobile мобильді қосымшасындағы "Қызметтер" - "Жеңілдіктер, жәрдемақылар және зейнетақылар" бөлімінде де бар.
Сондай-ақ, қызметті ХҚКО-ларда қағаз жеткізгіштерде және SMS-хабарлама арқылы проактивті форматта алуға болады.
ЕGov.kz порталында өтініш беру үшін келесі құжаттар қажет:
- қайтыс болған асыраушы мен асырауындағы адамдар арасындағы туыстық қатынастарды растау;
- қайтыс болған асыраушысының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу фактісі туралы ақпаратты растау;
- барлық қажетті деректерді толтыру;
- әлеуметтік төлемдерді алу үшін банктік шотты растау.
Толық бейне нұсқаулыққа сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=nSKBQ81p-z8
Қызмет көрсету мерзімі - 8 жұмыс күні.