Табиғатқа зиян келтірместен өмір сүру: Қарағанды мен Теміртауда экоакциялар өтті

Табиғатқа зиян келтірместен өмір сүру: Қарағанды мен Теміртауда экоакциялар өтті

Шағын жел турбинасы, үй вермифермасы мен эко дорбалар жасау - Қарағанды мен Теміртауда балалар мен ересектерге экологиялық өмір салтын ұстану туралы дәрістер оқылды. Эко-мереке Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналды.

Танымдық-ойын-сауық тапсырмаларын "Отражение" қоғамдық бірлестігі мен № 16 Теміртау мектебі дайындады.

Барлық ниет білдірушілер жасына қарамастан өздерін зерттеушілер ретінде сезініп, 13 экостанцияға бара алды. Сондай-ақ, ойын алаңдарында викториналар мен конкурстар өтті.

- Қарағандыда біз акцияны Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының қолдауымен өткіздік. Көшедегі "зертханалар" экологиялық мәдениетті және күнделікті өмірде дұрыс мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған. Біз балалар мен ересектерді қарапайым жаттығулар арқылы біріктіреміз және табиғатқа зиян келтірместен қалай дұрыс өмір сүру керектігін айтамыз. Бұл баламалы энергия көздері, пластмассаны іріктеу және қоқысты бөлек жинау. Балалар арасында ең танымал станция – эко балық аулау. Жасанды өзендегі қоқыстарды қармақпен аулағысы келетіндер кезекке тұрды, - деді "Отражение" ҚБ басшысы Елена Варганова.

Акция барысында қатысушыларға фуросики деп аталатын шарфтан немесе орамалдан эко сөмкелер жасауды үйретті. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар күн пеші мен шағын жел диірменін қалай жасау керектігін көрсетті. Жануарларды қорғау флешмобы, асфальттағы суреттер мен эко парақшалар байқауы өтті.

Акцияның белсенді қатысушыларына жүлделер табыс етілді.