
Халықаралық балаларды қорғау күнінде қарағандылық жас көрермендер мен олардың ата-аналарының арманы орындалды: С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында қуыршақ театры іске қосылды.

Бір жыл бұрын оның репертуарында қуыршақ ертегілері мен "Қуыршақтар оянғанда", "Күнделік", "Мұзды өлке" және т. б. балалар спектакльдері пайда болды. Өңірдегі тұңғыш қазақ тілді қуыршақ театрының ашылу салтанатының тұсаукесері алматылық студенттердің дипломдық жұмысы болып табылатын "Кішкентай құтан мен Қарақшы" ертегісі болды. Олар оны төрт жыл бойы дайындаған.

– Біз қуыршақтарды өткен жылы "ояттық", ал 1 маусымда оларды көпшілік назарына ұсындық. Қазақстанда барлығы алты қуыршақ театры бар, енді жетінші театрымыз жұмыс істей бастады. Ол өркендеп, көрермендерін қуантады деп үміттенеміз. Өткен жылы қуыршақ қойылымдарына драма театрының әртістері қатысты. Бүгінгі таңда қуыршақ спектакльдерінде ойнайтын актерлер – Алматы қаласы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлектері. Жылына бес ертегі мен балалар қойылымын қоюды жоспарлап отырмыз, – деді қаздрамтеатрдың көркемдік жетекшісі Айдын Салбанов.

Қуыршақ театрында Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлектерімен қоса 25 әртіс жұмыс істейді, штатқа Қазақстанның түрлі қалаларындағы шығармашылық ЖОО мен колледждерді бітіргендер қабылданады.

Қазір театрда 15 түрлі қуыршақ бар – биік, планшеттік және қамыс таяқты қуыршақтар.


