Осакаров ауданы тұрғындарының назарына!

Осакаров ауданы тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Осакаров ауданына барады. Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу 2023 жылдың 1 маусымы күні сағат 14.00 де Осакаровка кентінің мәдениет үйінде өтеді.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) (8-72149) 4-30-30 телефоны арқылы және   o.aldanysh@karaganda-region.gov.kz электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.