Қарағандыдағы концертте орган музыкасының жауһарлары шырқалады

Қарағандыдағы концертте орган музыкасының жауһарлары шырқалады

Қарағандылықтарды 4 маусымда орган музыка концертіне шақырады. Аспапта кәсіби қазақстандық органшы Салтанат Әбілханова ойнайды.

Концерттік бағдарламада Иоганн Себастьян Бах, Георг Муффат, Жан-Франсуа Дандриё, Иоганн Каспар Керль, Уильям Бёрд, Георг Фридрих Гандель, Чарльз-Мари Видордың шығармалары бар.

Салтанат Әбілханова – халықаралық байқаулардың лауреаты, ҚазҰӨУ фортепиано және орган кафедрасының доценті, "Мәдениет үздігі" және "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері" наградаларының иегері, Феликс Мендельсон-Бартольди атындағы музыка және театр жоғары мектебінің стипендиаты.

Концерт Кеншілер даңғылы, 32 мекен-жайы бойынша Дева Мария Фатимская шіркеуінде өтеді.

Басталуы сағат 15.00-де.

Кіру тегін.