
Таңғы аспанда қалықтаған сұңқарлар - Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің биология-география факультеті ғимаратының бір қырында өнер нысаны пайда болды. Мурал – университет басшылығының студенттер мен құстарға оларды таңдауы үшін алғысының бір түрі.

Сурет кездейсоқ пайда болған жоқ. Биология-география факультетінің ғимараты 1993 жылы пайдалануға берілді. Сол жылы оның шатыр астындағы техникалық бөлігіне сұңқарлар қоныстанып алды. Жаңа баспанада олар ұя салды.

– Содан бері сұңқарлар жыл сайын сәуір айында балапандарын шығару үшін осында ұшып келеді. Олар тек қыркүйекте ұшып кетеді. Екі-үш балапан өсіреді, ковид жылдарында төртеу болды. Оны біз қайдан білеміз? Біздің биолог-студенттеріміз жыл сайын құстарды бақылайды. Барлығы тіркеледі, – дейді биология-география факультетінің деканы Серікболат Талжанов.

Мурал тек құстарға ғана арналмаған. Сұңқарлар университеттен кетіп, жаңа биіктерге жеткен студенттердің ұшу тарихын бейнелейді.

Муралды салу идеясы биология-география факультетінің оқытушылары мен студенттеріне тиесілі. Эскизді ҚарУ-дағы өзгерістер жобалық кеңсесінің бас маманы Ардақ Мұқанова жасады. Ол Parsons School of Designe университетін MFA Design & Technology мамандығы бойынша бітірген. Үлкен халықаралық дизайн тәжірибесі бар.
Арт-нысанды Қарағанды қаласының урбанистика орталығы мен Айдар Мұнайтпасовтың командасы жүзеге асырды.