Қарағанды облысында 150 мыңға жуық балалар мен жасөспірімдер жазғы демалыспен қамтылады

Қарағанды облысында 150 мыңға жуық балалар мен жасөспірімдер жазғы демалыспен қамтылады

Қарағанды облысында 150 мыңға жуық балалар мен жасөспірімдер жазғы қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалады. Өңірде алғаш рет жазғы сауықтыру лагерлері арнайы мектеп-интернаттар базасында ашылады.

Барлық мектеп жанындағы лагерьлер 5-ші маусымнан бастап жұмыс істей бастайды. Сол күні акциялар өтеді, онда балаларға демалыстағы негізгі қауіпсіздік шаралары туралы айтылады.

Ыбырай Алтынсарин атындағы № 101 Қарағанды мектеп-лицейінің жазғы лагерінде балаларға арналған бағдарлама дайындалды. Оқушылар сарайында мұражайларға экскурсиялар, киноға сапарлар, шеберлік сыныптары жоспарланған. Биылғы жылы осы оқу орнының мектеп жанындағы және бейіндік лагерьлерінде 600 бала демалады.

– Бізде екі маусым болады – 5–16 маусым және 19–30 маусым. Мектеп жанындағы лагерьде бір маусымда 250 бала демалады. Ата-аналардың есебінен күніне екі рет тамақтану құны күніне 1000 теңге болады. Жыл сайын лагерьде біздің асхананы жалға алушы 10 баланы тегін тамақтандырады. Бейіндік лагерь де жұмыс істейтін болады.

Мұнда 2-ші сыныптан 10-шы сыныпқа дейінгі 100 бала қызықты уақыт өткізе алады. Бұл спортпен шұғылдану, қазақ тілі мен Ыбырай Алтынсариннің әдеби еңбектерін зерттеу және тағы басқалар. Мұнда тамақ қарастырылмаған, – деді мектеп-лицей директоры Раиса Кенешова.

Биыл жазғы лагерьге Бұлбұл Набиеваның балаларының бірі барады.

– Менің үш балам бар. Үлкен балам №101 мектеп-лицейін бітірген, қалған екеуі қазір осында оқиды. Барлығы жазғы лагерьге барды, бәріне ұнады. Биыл балалардың бірі қайтадан мектеп жанындағы лагерьге барғысы келеді, Мен бұған қуаныштымын. Қызықты экскурсиялар, балалар бір бірімен араласып, үйде отырып, телефонға немесе теледидарға тәуелді болғаннан гөрі жақсы, – дейді Бұлбұл Нәбиева.

Сондай-ақ облыста алғаш рет мектеп жанындағы лагерьлер ерекше білім беру қажеттілігі бар 360 балаға арналған арнайы мектеп-интернаттар базасында ашылады, деп атап өтті Білім басқармасының бас маманы Галина Әбішева.