
Таңертеңгілік жаттығулар, күш жаттығулары, фитнес, кәсіби спортшыдан шеберлік сабақтары – Қарағандының тұрғындарын өз аулаларында тегін спортпен айналысуға шақырады. Екінші жыл қатарынан қалада "Спорт әр аулаға" жобасы жүзеге асырылуда. Биыл ол 1 маусымда басталады.

Жобаға қатысу үшін денеңіз міндетті түрде шыныққан болуы шарт емес. Әр жас санаты үшін өзіндік жаттығу жүйесі жасалды. Нұсқаушылар – білікті жаттықтырушылар мен тәжірибелі спортшылар.
Ересектерге арналған таңертеңгі фитнес жаттығулары, Zumba Fitness, күш жаттығулары, балалар мен жасөспірімдерге арналған жалпы дене шынықтыру дайындығына арналған жаттығулар жоспарланған.
Орталық саябақта, Жеңіс саябағында, Жаңа Майқұдық МҮ жанында және Майқұдық саябағында скандинавиялық серуендеу сабақтары өтеді.

Шеберлік сабақтарында шақырылған мамандар мен спортшылар жеке тәжірибелерімен бөлісіп, мотивация береді.
Кешке спорттық турнирлер ұйымдастырылады.

Сабақ үшін таңертеңгі (жұмысқа дейін) және кешкі уақыт (жұмыстан кейін) таңдалады. Барлық жаттығулар тегін.
Жобаға қатысқысы келетіндердің, сондай-ақ спорт нұсқаушысы болғысы келетіндердің барлығы "Шахтер" стадионының ұйымдастыру бөліміне телефон арқылы хабарласа алады: (8-7212) 42-57-85, +7-702-589-52-53, +7-707-752-95-85. Instagram-дағы жоба туралы мәліметтер: @stadionshakhter.

Әлихан Бөкейхан атындағы аудан:
- Екібастұз көшесі, 139;
- 2-ші орам, 24 үй;
- Восток-5 ш/а, 11 үй;
- 15-ші шағынауданы, 18-20 үй;
- 14-ші шағынауданы, 22-үй;
- Восток-3 ш/а, 15 үй;
- 19-шы ш/а, 53-үй;
- Мәметова көшесі, 76;
- Жекібаев көшесі, 136;
- "Локомотив" с/к;
- Майқұдық МҮ;
- Курьяновка кенті;
- 11а ш/а, 9 үй, 10;
- Восток-2 ш/а, 14 үй;
- GGG ДСК;
- Майқұдық саябағы.
Қазыбек би атындағы аудан:
- Момышұлы көшесі, 24-26;
- Әшімов көшесі, 28;
- Ержанов көшесі, 4;
- Мұқанов көшесі, 6, 4/1;
- Мичурин көшесі, 21/1;
- ОМжДС;
- Ерубаев көшесі, 52/2;
- №37 ЖББМ жанындағы алаң;
- Лобода көшесі, 3;
- Құрылысшылар даңғылы, 23-25;
- Н. Әбдіров даңғылы, 17;
- Ерубаев көшесі, 44/2;
- Язев көшесі, 9;
- Жеңіс саябағы.
Алдағы уақытта Федоровкада сабақ өткізу және Пришахтинск аулаларын көбірек қамту жоспарлануда.
Жобаны Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен "Шахтер” стадионы жүзеге асыруда.