
Қарағандылықтар мен қала қонақтарын 29 мамыр күні сағат 18:30-да "Шалқыма" концерт залына әнші-композитор, ақын Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толуына орай ән және музыка кешіне шақырады.
"Маңмаңгер" атты концертте ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Жақсыкелді Кемалов пен Дәуренбек Әміркенов, "Құрмет" орденінің иегері Сержан Мұсайын, халықаралық конкурстардың лауреаты Дулат Аханов, республикалық конкурстардың лауреаттары Құрмаш Ыбышев, Ержан Базарбеков, Медет Осатаев және жас орындаушылар өнер көрсетеді. Сондай-ақ Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар академиялық оркестрі мен "Аққу" би ансамблінің өнерін тамашалауға болады.
Ақан сері Қорамсаұлының "Сырымбет", "Алтыбасар", "Көкшетаудың биігі", "Балқадиша", "Майда қоңыр", "Әудем жер", "Маңмаңгер" және т. б. әндері шырқалады.
Билеттерді "Шалқыма" к/з кассаларынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.