
Қарағанды облысының жиырма екі мықты палуаны үздік атағы үшін өзара бақ сынасты: жеңіл атлетика манежінде қазақ күресінен "Сарыарқа Барысы" турнирі өтті.

Шет ауданынан келген Ақжігіт Оралов жеңімпаз атанды.

– Бұл "Қазақстан Барысы" республикалық турниріне іріктеу жарысы. Қазақ күресі мемлекет тарапынан үлкен қолдау көріп отыр. Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді. Бұл қазақ күресінің дамып келе жатқанын көрсетеді, – деп атап өтті турнирді ұйымдастырған "Жас сұңқар" спорт мектебінің басшысы Алмас Мұхтаров.

Барлық қатысушылар қызу жекпе-жектер көрсетті және өздерінің ең үздік қимылдары мен лақтыруларын көрсетті.

– Турнир жоғары деңгейде өтті. Барлық палуандар жақсы дайындалған. Мұндай жарыстарға алғаш рет қатысқандар да болды. Жастардың ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық танытып, айналысып жатқаны қуантады, – дейді қазақ күресі бойынша жоғары деңгейдегі төреші, турнирдің бас төрешісі Абай Үмітбаев.

"Сарыарқа барысында" Шет ауданынан Ақжігіт Оралов жеңіске жетті. Екінші орынды Теміртаулық Ақжол Дүйсенбаев иеленді. Ал үшінші болып Абай ауданынан Айдар Оңайбеков келді.

– Мен жеті жылдан бері қазақ күресімен айналысамын, және де дзюдомен де. "Сарыарқа барысына" алғаш рет қатыстым. Барлық қарсыластарды зерттедім. Облыстағы ең мықты спортшылар – Қарқаралы және Шет аудандарынан келген спортшылар, – дейді жас спортшы Айдар Оңайбеков.

Бірінші және екінші орын алғандар 30 маусымда Астанада өтетін "Қазақстан Барысы" супертурнирінде біздің өңірдің атынан республикалық деңгейде өнер көрсетеді.
